Әкім кеңесшісі мен мәслихат депутаты ұшыраған жол апатына қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкім кеңесшісі мен мәслихат депутаты ұшыраған жол апатына қатысты жаңа деректер пайда болды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Сейіт Ертай мен ОҚО мәслихат депутаты Қамытбек Айтөреев ұшыраған жол апатына қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл мен ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, ГАЗ 53 жүк көлігі техникалық ақауларға байланысты жолдың оң жақ шетінде тұрған. Мақтаарал ауданының 1962 жылғы тұрғыны осы кезде жүк көлігін жөндеп тұрған. Бір сәтте  Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлік келіп, жүк көлігінің артқы жағына барып соғысқан. Басқармадағылар Toyota көлігін Түркістан қаласының 1985 жылғы жүргізушісі басқарғанын хабарлады. Жол-көлік оқиғасынан кейін ол жансақтау бөліміне жеткізілген. Ал екі жолаушы - облыс әкімінің кеңесшісі мен депутат алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Екі көлік те айыппұл тұрағына жеткізілді. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл мен ақпарат басқармасындағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін ОҚО-да әкімнің кеңесшісі мен мәслихат депутатының жол апатынан қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын.

ОҚО-да жол апатынан қаза тапқан әкім кеңесшісі мен мәслихат депутаты туралы не білеміз?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети