19 мамыр 2021 | 13:46

"Әкімдік шатыры ұшып кетті" - СҚО-дағы шаңды дауыл салдары айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да шаңды дауыл салдарынан әкімдік пен төрт мектеп шатырсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

СҚО-да шаңды дауыл салдарынан әкімдік пен төрт мектеп шатырсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауылдарда электр жарығы өшіп қалды. Қазір залал сомасы анықталып жатыр. 

СҚО ТЖД мәліметінше, шаңды дауыл облыстың үш ауданында болды: Тайынша, Ақжар және Уәлиханов. Олардың екеуінде ғимарат төбелері құлады. 

"Тайынша ауданында Чермошнян ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында ауданы 80 шаршы метр шатыр бүлінді. Леонидовка ауылында мұндай жағдай мектеп ғимаратында болды. Ақжар ауданындағы Талшық ауылында да 290 шаршы метр мектеп ғимаратында шатыр қирады", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өкілдері.

Алқатерек және Восход ауылдарындағы екі мектептің спорт залдары шатырсыз қалды.

Шаңды дауыл салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тексеру үшін арнайы комиссия құрылды, олар шығынды есептейді.

ТЖД өкілдері желден жарысыз қалған елді мекендердің көбінде авариялық жұмыстар жүргізіліп, жарық қосылғанын хабарлады. 

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл тұрып, кей жерлерде желдің екпіні секундына 33 метрге жеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети