Ақмола облысында 17 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысында 17 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"18-інен 19 ақпанға қараған түні Атбасар ауданы Сергеевка ауылында мамандандырылған-техникалық лицейдің екінші курсында тігінші мамандығына оқып жүрген қыз асылып қалды. Оның әке-шешесі ажырасып кеткен. Ол көмір қоймасында шыт көйлекке асылған", - деп хабарлады Атбасар ауданының прокуроры Дархан Аманбай.
Прокурордың мәліметінше, ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдаяттар анықталып жатыр. Қыз жауапсыз махаббатқа байланысты өзін-өзі өлтіруі мүмкін деген болжам бар. Ол өлім алдында хат қалдырмаған. Марқұм 17 жаста болды, мамыр айында ол 18-ге толар еді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Атырау облысында 11 сынып оқушысының өз-өзін өлтіргені хабарланған болатын. Оқиға 17 ақпанда Доссор ауылында болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мектеп оқушысы өлім алдындағы хат қалдырмаған. Тергеудің болжамынша, түлек бұл іске ҰБТ-да математика пәні бойынша төмен балл алған болуы мүмкін.