©auto.lafa.kz
Ақмола облысында Астана - Ерейментау тас жолында рейс автобусы жолдан ауып кетті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
Ақмола облысында Астана - Ерейментау тас жолында рейс автобусы жолдан ауып кетті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
Агенттікке "Қазавтожол" АҚ филиалы өкілдерінің хабарлауынша, автобуста 60 жолаушы болған, оның кем дегенде 10-ы зардап шекті. Зардап шеккендер Астанадағы ауруханаға жатқызылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы көктайғақтың салдарынан болуы мүмкін, "Қазавтожол" өкілдері оқиғаның 23 жастағы жүргізушінің кінәсінен болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел топ жұмыс істеп жатыр.