Ақмола облысында аурухана аумағынан науқас өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында аурухана аумағынан науқас өлі табылды Midjourney көмегімен жасалған

Акмола облысында полиция аудандық аурухана аумағында қаза болған науқастың ісін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Акмола облысында полиция аудандық аурухана аумағында қаза болған науқастың ісін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Аршалы аудандық ауруханасындағы қайғылы оқиға туралы ақпарат тараған еді. 6 қарашаға қараған түні 51 жастағы тұрғын аурухананың үшінші қабатындағы терезеден секіріп кеткен. Ер адамға Қарағанды – Қостанай пойызында жағдайы нашарлағаннан кейін шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылған.

"Полиция медициналық мекеме аумағында науқастың қаза болу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, психикалық ауытқуы бар ер адам өзіне қол жұмсаған", – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке.

Ресми мәліметтерге сәйкес, жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Істің тергелу барысы өңірлік полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети