Ақмола облысында ауыл әкімі жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында ауыл әкімі жол апатынан қаза тапты

Тарасов ауылдық округінің әкімі Мирасхан Мұратов жол апатынан қайтыс болды. Бұл ақпаратты Ақмола облысының әкімдігіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тарасов ауылдық округінің әкімі Мирасхан Мұратов жол апатынан қайтыс болды. Бұл ақпаратты Ақмола облысының әкімдігіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 14 желтоқсанда Атбасардан 20 шақырым жерде "Екатеринбург-Алматы" тасжолында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, DAF автокөлігінің жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, Державинскінің 51 жастағы тұрғыны басқарған "Ваз-21214" автокөлігімен соқтығысқан. Соңғысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы") бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Сараптама тағайындалды.

DAF көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети