Ақмола облысындағы Қосшы ауылында белгісіз біреулер бес ит пен 16 күшікті атып кеткен. Иттердің қожайыны бұл уақытты үйінде болмаған. Осы дерек бойынша полицияға арыз түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысындағы Қосшы ауылында белгісіз біреулер бес ит пен 16 күшікті атып кеткен. Иттердің қожайыны бұл уақытты үйінде болмаған. Осы дерек бойынша полицияға арыз түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мила Фаткуллина Facebook желісіндегі парақшасында оқиғаның 18 қазанда болғанын жазды. Үйіне келген әйел иттердің жоқтығын байқаған. Ол оқиғаны көршілерінен біліпті. Ату сәтін он жасар бала көріпті. Ол қаруланған ер адамдардың келгенін айтқан. Атып жатқан дауыс шыққанда, иттер жан-жаққа қашқан. Сосын атқыштардың бірі оларды таныс адамдай шақырып, иттер қайта жиналғанда қайта атыс басталған.
Өлтірілген иттердің иесі оларды жан-жақтан жинап өсіргенін айтады.
"Біреулері өздері аулама келді, кейде өзім тауып әкеліп жүрдім, тағы бірнешеуін тастап кеткендер болды. Бәріне бірдей тамақ беріп, тіпті құжаттарын да жасатқанмын. Жануарлар таза болатын, күшіктерді асырап алады-ау дегендерге ұсынатынмын. Бірақ... Бүгіннен бастап үй іздеуге себеп жоқ!!!!", - деп жазды ашынған әйел.
Өлтірілген күшіктер. © Facebook/ mila.fatkullina
Фаткуллина атылған иттердің бірінің ғана мейітін тауыпты. Соған қарағанда, атуға біреулер тапсырыс берген. Алайда әкімдік өкілдері ату шарасының өтініш бойынша жүзеге асырылғанын айтып отыр.
Кейін мал дәрігері атылған итті сойып көріп, олардың дротиктерден емес, атыс қаруынан атылғанын анықтаған.
"Оқ сол жақ қабырғасына тиіп, өкпесінен өтіп, сол көзінен бірақ шыққан. Мұндайдан кейін күшіктердің жағдайын елестетудің өзі қиын", - деді өлтірілген иттердің иесі.
© Facebook/ mila.fatkullina
19 қазанда Фаткуллина Целиноград аудандық ІІБ-ге арыз түсірген. Арыз қабылданған. Тергеу тобы оқиға орнына барған. Таяуда соңы қарға ұласқан жаңбыр жауып, оқиғадан қалған қан іздері полицейлер келгенше қалған.
©Facebook/ mila.fatkullina
Бұл оқиға Қазақстанда үлкен дау туғызған.
"Елді мекендерде атыс қаруын қолдануға тыйым салынған. Жануарларды атуға тыйым салынған. Олар заңды бұзған және Қосшы ауылының тұрғындарының өміріне қауіп төндірген. Олар заң бойынша қатаң жазалануы тиіс", - деді қолданушылардың бірі Nurzhan Zhaxalikov.