05 сәуір 2017 | 13:32

Ақмола облысында бес жасар баланың мәйіті септиктен табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© greenrock.ru © greenrock.ru

Ақмола облысында жуынды төгетін шұңқырдан кішкентай баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында жуынды төгетін шұңқырдан кішкентай баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

3 сәуірде сағат 22:06-да Целиноград АІІБ-на "Нұр-Есіл" ауылының учаскелік инспекторы хабарласып, 2011 жылы туған Марат Қырбанбектің септиктің суына тұншығып қалғанын хабарлаған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, 3 сәуірде сағат 14.30-дар шамасында баланың үйден ойнауға сыртқа шығып кеткенін анықтаған. Шамамен сағат 21:40-та Атамекен көшесінің бойында қазылған септикті тексеру барысында баланың мәйіті табылған. Аузы жабық болмаған жуынды төгетін шұңқыр осы ауылдың тұрғынына тиесілі. Үй иесі септикті қолданбаған, бірақ оның ішіне шамамен екі метр тереңдікке еріген су жиналған. 

"Алдын ала болжам бойынша, кішкентай бала септик маңында ойнап отырып, абайсызда шұңқырға құлап кеткен. Баланың денесі сот-медициналық сараптама жүргізуге жіберілді", - дейді ІІД өкілі. 

Осы іс бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ата-анасының баласына тәрбие беру бойынша міндеттерін орындамауы қарастырылып жатыр. 

Қазіргі уақытта әкімдіктің сәулет бөлімі осы септикке байланысты тексеру жүргізіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети