15 қазан 2016 12:47

Ақмола облысында болған жол апатынан төрт адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында болған жол апатының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақмола облыстық ІІД мәліметінше, жол апаты Астана-Петропавл тас жолының 240-шақырымындағы Щучинск-Көкшетау жолында болған.


Ақмола облысында болған жол апатының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақмола облыстық ІІД мәліметінше, жол апаты Астана-Петропавл тас жолының 240-шақырымындағы Щучинск-Көкшетау жолында болған.

"Жол апаты бүгін шамамен таңғы сағат 10.30-да болды. Нәтижесінде екі көлік соғысып, өртеніп кетті. Көліктер тіпті нөмеріне дейін толықтай өртеніп кеткен. Әзірше жол талғамайтын көлік пен жеңіл көліктің соғысқаны белгілі. Төрт адам ауруханаға жеткізілді, қаза тапқандар жоқ", - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД өкілдері. Өртеніп кеткен көліктердің маркалары жайлы нақты мәлімет жоқ, себебі екі көлік те толықтай өртенген.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол апатының себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, осыған дейін Астана-Бурабай тас жолында ірі жол апаты болып, көліктердің өртеніп кеткені хабарланған болатын. Куәгерлердің айтуынша, жол апаты таңғы уақытта болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан өрт шығып, екі көлік те өртеніп кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Kruiser мен Toyota Previa көліктері өртенген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети