Ақмола облысында бір айдан аса уақыт бойы 18 жастағы қыз табылмай жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында бір айдан аса уақыт бойы 18 жастағы қыз табылмай жатыр ©instagram/volontery_shchuchinsk_lider.kz

Ақмола облысында бір айдан аса уақыт бойы 18 жастағы қыз табылмай жатыр. Бұл туралы еріктілер Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында бір айдан аса уақыт бойы 18 жастағы қыз табылмай жатыр. Бұл туралы еріктілер Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2005 жылы туған Перепилица Мария Вячеславовна Щучинск қаласында Толқынов көшесінде тұрады. 22 наурызда сағат 16.00 шамасында қыз дүкенге кетіп, содан жоғалып кеткен. Оның орналасқан жері белгісіз.

Ол қара-жасыл түсті күрте, басына жасыл қалпақ, аяғына ақ етік киген. Бойы - 168 сантиметр, денесі арық, шашы иығынан төмен, көзі көк.

Жоғалған адамның орналасқан жері туралы мәлімет білетін адамдардан мына телефондарға хабарласу сұралады: +7 705 544 12 57, +7 775 337 77 50 немесе 102.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети