02 тамыз 2017 16:34

Ақмола облысында дәрігерлер нәрестені жетімдер үйіне өткізген, ал ата-анасына қызды шетінеп кетті деген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© qamshy.kz © qamshy.kz

Ақмола облысында дәрігерлер жаңа туған нәрестені жетімдер үйіне жіберіп, ал ата-анасына оның шетінеп кеткенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап. 


Ақмола облысында дәрігерлер жаңа туған нәрестені жетімдер үйіне жіберіп, ал ата-анасына оның шетінеп кеткенін айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап. 

Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құқығын қорғау жағдайына тексеріс жүргізген. Тексеріс қорытындысы қамқорға алу органдары мен балалардың ата-анасын іздеу бойынша ішікі істер органдары арасында өзара қызметтестік жоғын көрсетті. 

"Өкілетті органдардың өз міндеттерін орындамау салдарынан қызды 14 жыл бойы ата-ана қамқорлығынан айыруға әкеп соқтырды. Осы уақыт бойы ата-анасы бар қыз балалар үйінде тәрбиеленді. Қыздың салмағы туған кезде 950 грамм болған, жағдайы өте ауыр еді, сондықтан жансақтау бөліміне жатқызылған. Қыздың анасы дәрігерлер нәрестенің шетінеп кеткенін айтқан дейді. Сондықтан баланың ары қарайғы жағдайын білмеген. Ал перинатальды орталық қызметкерлері тастанды бала туралы акт толтырған", - дейді прокурорлар. 

Қазіргі кезде бала ата-анасына қайтарылды. Ал перинатальды орталық қызметкерлеріне қатысты тексеріс басталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети