Ақмола облысындағы Есіл ауылында дүлей жел тұрып, 12 нысанның төбесі қираған. Олардың бірі денсаулық сақтау нысаны болса, төртеуі білім беру мекемесі. Қала мен бірнеше ауылдың тұрғындары электр желісіз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД өкілдерінің алдын ала мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты Орталық аудандық аурухананың, екі орта мектептің, балабақшаның, аудандық білім беру бөлімінің, кафенің, үшқабатты үйдің, сондай-ақ, жекеменшік бес үйдің шатырын қираған.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Қазіргі уақытта аудандық әкімдікте апат қызметтері бар жедел штаб құрылған. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал шығын көлемі есептелу үстінде.