17 шілде 2017 | 17:31

Ақмола облысында "Газель" мен трактор соғысты: 3 адам мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен © Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен

Ақмола облысында үш адам мерт болған жол-көлік оқиғасына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында үш адам мерт болған жол-көлік оқиғасына байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу бастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің мәліметі бойынша, жол апаты 16 шілдеде Жақсы ауданында "Атбасар - Державинск" тасжолында болған. "Газель" көлігінің 1967 жылы туған жүргізушісі жылдамдықты сақтамай алда келе жатқан тіркеуі бар "МТЗ 80" тракторына соғылған. 

ЖКО алдарынан оқиға орнында 1951 және 1960 жылғы екі ер адам және 1964 жылы туған әйел адам қаза болды. Барлығы Арқалық қаласының тұрғындары. 

Сонымен бірге, тоғыз адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, олардың ішінде 2009 жылы туған бала да бар. Зардап шеккендер де Арқалық қаласының және Қостанай облысының Жангелді ауданының тұрғындары. 

Қазір адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети