Ақмола облысында 18 жастағы жігітті іздеп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында 18 жастағы жігітті іздеп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғалып кеткен жігіттің анасы полицияға келіп, ұлы Русланның қаңтардың бірі күні сағат 00:16-те үйден шығып кетіп, сол күйде оралмағанын айтқан. Жігіт мұның алдында ешқашан үйден ұзақ уақытқа кетпеген және ішкі істер органдарында тіркеуде болмаған.
Қазіргі кезде полиция жігітті іздеумен айналысып жатыр. Осыған байланысты Жарқайың ІІАБ құрамынан арнайы іздеу тобы құрылды. Құқық қорғау қызметкерлері оның көрген болуы мүмкін адамдардың барлығынан жауап алды. Соңғы рет куәгерлер оны Державинск қаласындағы вокзалдан көрген екен.
20.04.1998 жылы туған Зингеров Руслан Нұрланұлы үстіне қара-көк түсті баллонды куртка, көкшіл түсті тоқылған свитер, ашық көк түсті джинсы шалбар киген және тоқылған қара бас киімде болған. Бойы - шамамен 165-170 сантиметр, шашы қысқа, қоңырқай түсті, бүкірейіңкіреп жүреді, оң көзінің қылилығы бар.