Ақмола облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты: 3 адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты: 3 адам қаза тапты Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

20 ақпанда Новокубанка ауылының 46 жастағы тұрғыны тізгіндеген Jiefang автокөлігі мен Бурабай-Астана жүк пойызы соқтығысқан.

"Салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен минивэннің екі жолаушысы қаза болды: 1975 жылы туған әйел және 1985 жылы туған ер адам. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы үш жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Алдын ала Минивэн жүргізушісі шлагбаумды айналып өтіп, бағдаршамның тыйым салатын сигналына теміржолдан өткені анықталды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети