03 қараша 2014 | 15:52

Ақмола облысында жоғалып кеткен қорық қызметкерінің денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғалжын қорығы. ©Тұрар Қазанғапов Қорғалжын қорығы. ©Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының жоғалып кеткен қызметкерінің денесі көлден табылды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының жоғалып кеткен қызметкерінің денесі көлден табылды. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук хабарлады. 

"Қорықтың жоғалып кеткен қызметкері Мегиннің денесі анықталды. Ол күннің алғашқы жартысында көлден табылды. Оқиға орнында арнайы жедел топ жұмыс істеп жатыр. Оқиға орны тексерілгеннен кейін қосымша ақпарат берілетін болады", - деді Пинчук.

Бұған дейін Қорғалжын мемлекеттік қорығының ғылыми қызметкері Александр Мегиннің 26 қазан күні қорық аумағына Сұлтанкелді көліндегі қайығын алу үшін "УАЗ" қызметтік автокөлігімен келгені хабарланған болатын. 27 қазан күні қорық қызметкерлері аумақты қарау барысында Сұлтанкелдінің шығыс жақ жағалауынан Мегин мінген қызметтік көлікті тапты. Онда қорықшы мен оның қайығы болмады.

"Автокөлікті тексеру кезінде көлік салонының тәртібі бұзылмағаны анықталды, қандай да бір бүліну ізі және айғақты зат табылмады. Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен мемлекеттік табиғи қорық қызметкерлері, төтенше жағдайлар бөлімі мен Мегиннің отбасы мүшелерінен тұратын іздеу топтары құрылып, Сұлтанкелді көлінің жағалауын, жағалаудағы қамысты алқаптарды шарлап шығу жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлаған еді баспасөз қызметінің өкілдері.

Қорғалжын қорығының ғылыми қызметкерін іздеуге полицияның 100-ден астам өкілі жұмылды. Іздеу жұмыстарына әуе күштері мен сүңгуірлер де тартылды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети