Ақмола облысындағы жол-көлік апатынан үш адам қаза болды. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне Қазақстан автомобиль жолдарын басқару жөнінде Ұлттық операторы облыстық бөлімінің диспечері хабарлады.

Қолдағы бар мәлімет бойынша жол-көлік оқиғасы сенбі күні Астана - Петропавл тас жолының 25-шақырымында болған.
"Белгісіз себептерге байланысты "Ваз-2110" автомагистральға тоқтаған, ал оған артында келе жатқан Зеренді ауданының тұрғына тиесілі "Форланд" жүк автокөлігі соғысқан. Соққыдан кейін "Ваз" жанып кетті", - деп хабарлады диспечер.
Апат салдарынан жеңіл көліктің 25 жастағы жүргізушісі және оның қасында екі жолаушы - 32 жастағы әйел мен 18 жастағы бала қаза болды.