09 қаңтар 2015 10:21

Ақмола облысында жұмысшылардың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©sobitie.com.ua ©sobitie.com.ua

Ақмола облысы Жарқайың ауданында су құбырын жөндеу жұмыстары кезінде екі адамның топырақ астында қалып, қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл оқиғаға қатысты полицейлер бірқатар сараптама жұмыстарын тағайындап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің "екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік техникасының бұзылуы" деген 156-баптың 4-бөлігі бойынша қозғалды.

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы Державинск қаласында су құбырын жөндеу жұмыстары кезінде топырақ үйіндісі опырылып, астында қалған екі адам қаза болды. Топырақ опырылған кезде екі адам бетон плитасының астында жаншылып қалған. Олардың бірі - Тассуат ауылының 1995 жылғы тұрғыны, ал екіншісі 1993 жылы Державинск қаласында туған. Жұмыстарды "Коммунсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізгені бұған дейін хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети