Ақмола облысы Шортанды ауылында кафеде берілген астан кейін 58 адам тамақтан уланып қалған. 15 адам ішектің өткір инфекциясымен ауруханаға жатқызылды, ал 43 адам амбулаторлық ем алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл дерекке қатысты Ақмола облысының қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті эпидемиологиялық тергеу жүргізді.
"Уланып қалғандар 6 наурызда Шортанды ауылында асылған ет жегені анықталды. 5 санитарлық талаптар бұзылып, етті асып, турап, 10 сағат жылы жерде сақтаған. Етке жайылған қамыр Егемен ауылындағы үйде жасалған. Содан кейін Шортанды ауылындағы қоғамдық тамақтану орнына жеткізілген", - дейді департамент өкілдері.
Ведомство өкілдері барлық уланған адамға медициналық жәрдем көрсетіліп, бақылауға алынғанын, адамдардың жағдайы жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. Департамент өкілдерінің сөзінше, эпидемияға қарсы және алдын ала шаралары жүргізілді.