Ақмола облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім жол апатына ұшырады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім жол апатына ұшырады Сурет: Polisia.kz

Ақмола облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2 маусымда Степногорск қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшерінен жол апатына ұшыраған жасөспірімге медициналық көмек көрсетілгені туралы хабарлама келіп түскен. Алдын-ала ақпарат бойынша, 2 маусымда сағат 07:20 шамасында Макинск - Ақсу - Торғай тасжолының 129-шақырымында Степногорск қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны Volkswagen Golf автокөлігін тізгіндеп, рөлге ие бола алмай қалған. Осылайша, көлік шұңқырға құлап, бірнеше рет аударылып кеткен.

Оқиға салдарынан 13, 15 және 16 жастағы кәмелетке толмаған жолаушылар көліктен ұшып кеткен. Олар түрлі жарақаттармен Степногорск қаласының ауруханасына жатқызылған.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша соталды тергеу басталған. Сараптама тағайындалған. Автокөлік Степногорск қаласындағы айыппұл тұрағына қойылған.

Тексеріс барысында Степногорск қаласының 15 жастағы тұрғыны жездесіне тиесілі көлік кілтін рұқсатсыз үйден алып кеткені анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети