Степногорск тұрғыны өз баласын шараппен және сүтпен емдегені, кейін бір метрлік биіктіктен құлатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Степногорск тұрғыны өз баласын шараппен және сүтпен емдегені, кейін бір метрлік биіктіктен құлатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Евгений Посоха баласы өткен жылдың сәуір айында дүниеге келген Тимофей Рудичті жалғыз баққан. Ал әйелі оны тастап кетіпті. "2015 жылдың 22 қыркүйегінде сәбидің анасы үйінен кетіп қалған. Кейінгі үш күн бойы сотталушы өз баласын тамақтандырып, жуындырған. Баланың анасының жоқтығын ол медициналық жұмысшыларға хабарламаған. 2015 жылдың 24 қыркүйегінде ол сәбиді алып, жуынатын бөлмеге апарған. осыдан кейін ер адам мас күйінде баласын оң қолында ұстап тұрып, бір қолымен орамалға ұмсынып, кенеттен құлатып алған. Бала бір метр биіктіктен құлаған. Сәбидің басы еденге соғылған", - деп хабарлады соттағылар.
Салдарына сәби қаза болған. Сот-медициналық сараптамадан баланың ашық бассүйек-ми жарақатынан қайтыс болғаны анықталды. Сәбидің жүрек етінің химиялық-токсикологиялық зерттеуі мен зәрінен этил спирті табылған.
Мастықтың жеңіл деңгейінің бар екендігі дәлелденді. Ал кейін Посоханың сүтке шарапты қосып бергені анықталыпты. Ер адам бұл арқылы баланың жылауын қойдырғысы келген. Сот Евгений Посоханы байқаусызда кісі өлтіру бойынша айыпты деп таныды. Степногорс қалалық сотының судьясы ер адамны бір жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.