Ақмола облысында медициналық маска сатқан ер адам іздестіріліп жатыр

Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында медициналық маска сатқан ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында медициналық маска сатқан ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, жергілікті тұрғын Интернеттен 600 маска сатып алмақшы болған. Ақшаны "сатушыға" аударған, алайда тауар сол күйі жеткізілмеген.

6 сәуірде Жарқайың ауданының полиция бөліміне 35 жастағы ер адам арыз қалдырған.

Реклама
Реклама

"Ер адам "сатушының" шотына 51 000 теңге аударған. Алайда ақшаны алған соң ол байланысқа шықпаған", - дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама