27 қараша 2015 | 17:52

Ақмола облысында оқушы қыз әлеуметтік желіде 30 жастағы жігітпен танысқаннан кейін жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Рlus.google.com © Рlus.google.com

Ақмола облысында 13 жастағы қыз әлеуметтік желіде 30 жастағы жігітпен танысқаннан кейін жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында 13 жастағы қыз әлеуметтік желіде 30 жастағы жігітпен танысқаннан кейін жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш ай бойы құқық қорғау органдары қызметкерлері жоғалып кеткен қыз туралы ақпарат жинап, оқиғаның түрлі нұсқасын болжады. Ұзақ уақыттан кейін олар жоғалып кеткен қыз туралы ақпарат тапты. Қыз Жамбыл облысы Талас ауданы Тамды ауылынан табылды. Полиция қызметкерлері жоғалып кеткен Томирис Орынбаеваны үйіне әкелді.

"Полицейлер кәмелетке толмаған қыздың әлеуметтік желі арқылы 30 жастағы жігітпен танысқанын анықтады. Қыз онымен кездесуге келіседі, кейін ата-анасын тастап, сол ер адамның ізінен басқа облысқа кетіп қалған. Ер адам Томиристің бірге тұруға өзі келіскенін айтты", - деп жазылған ІІД хабарламасында.

ІІД мәліметінше, қыздың кәмелеттік жасқа толмағанына байланысты 30 жастағы ер адамға шара қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске сала кетейік, Томирис Орынбаева үйінен биыл 24 тамызда сағат 13.00-де шығып кеткен. Содан бері полиция оны іздестірді.

"Баланы тәрбиелеу - ата-ана үшін үлкен жұмыс. Бала үлкен болған сайын оған көп көңіл бөлу керек. Құрметті ата-аналар, балаларыңызға сақ болыңыздар!", - деді полицейлер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети