26 тамыз 2021 | 11:11

Ақмола облысында орман өртенді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақмола облысы ТЖД Фото: Ақмола облысы ТЖД

Кеше, 25 тамызда "Көкшетау" МҰТП Зеренді бөлімшесінің Грибновское орман шаруашылығы аумағында орман өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 25 тамызда "Көкшетау" МҰТП Зеренді бөлімшесінің Грибновское орман шаруашылығы аумағында орман өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өртті сөндіруге 20 техника, 1 тікұшақ және жеке құрамнан 142 адам, оның ішінде Ақмола облысы ТЖД 5 техникасы және 51 адам, 6 техника және орман мекемелерінің 54 қызметкері, "Қазавиаорманқорғау" АҚ 1 тікұшағы, жергілікті атқарушы органдардың 7 техникасы және 33 адам және өртке қарсы құрылымдардың 2 техникасы мен 4 адам тартылды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіру қатты жел болуына байланысты қиындап кеткен. Алайда жедел іс-қимылдар мен құралдардың уақтылы жұмылдырылуы арқасында өрт 18 сағат 50 минутта оқшауланды, қазіргі уақытта қарауылдау жүргізіліп жатыр. Орман өртінің ауданы - 7 гектар.

Өрт шығуынаң алдын ала себебі – өртеу. Өрт болған жерде Зеренді аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істейді. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін сақтау қажет екені туралы ескертеді.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети