01 наурыз 2022 | 17:47

Ақмола облысында өрттен үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі Сурет: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Купчановка ауылында өрттен үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Купчановка ауылында өрттен үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 1 наурызда Бұланды ауданының Купчановка ауылында 81 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт болды. Өрт сөндіру бөлімшесі келген уақытта үй толығымен отқа оранғаны хабарланды. Өрт орнында 1976 және 1987 жылғы екі әйел мен 1994 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Бір адам терезені сындырып шығып аман қалған, кейін өртсөндірушілерді шақырған.

"Алдын ала ақпарат бойынша, үй иесі, 1976 жылы туған әйел отбасылық мерекеде, достарының арасында ұлының кәмелетке толғанын атап өтпек болған. Кейін өрт кезінде келген қонақтар үй иесімен бірге қаза тапқан", - деді Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік-өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Далешов.

Өрт 03:10-да ауыздықталып, 04:55-да жойылды. Өрттің себебі мен қаза болу жағдайлары анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына ТЖД 11 қызметкері мен 3 бірлік техникасы шықты.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети