Ақмола облысында полицейлер бауырын өлтірген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында полицейлер бауырын өлтірген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2017 жылдың 1 маусымында Бұланды ауданының Ішкі істер бөліміне Ресейдің 54 жастағы азаматы хабарласып, Макинск қаласында тұрып жатқан інісін іздеуге көмектесуін сұрайды. Ағасының айтуынша, 35 жастағы інісі 25 мамырдан бері туыстарымен хабарласпай қойған.
Бұл хабар бойынша полицейлер хабарсыз кеткен ер адамның үйіне барады. Жоғалып кеткен азамат бұл үйде 1981 жылы туған бауырымен тұрып жатқан.
Жедел тергеу тобы үйдің ауласындағы жертөледен жоғалып кеткен ер адамның мәйітін тапқан. Күдікті ретінде марқұмның бауыры ұсталды. Бұлтартпас дәлелдер келтірілгеннен кейін ол адам өлтіргенін мойындаған. Алкоголь ішімдік ішіп отырған бауырлар бірі-бірімен жалдасып қалғаннан соң оқиғаның арты адам өлімімен аяқталған.
Сонымен бірге, күдікті психиатр дәрігердің есебінде екенін анықталған. Қазіргі уақытта "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.