Ақмола облысындағы Макинск қаласында учаскелік полицейдің көмекшісі әйелін атып, артынша өзіне оқ атты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасап.

Агенттіктегілердің айтуынша, төтенше жағдай сейсенбі күні таңертең полиция капитанының пәтерінде болған.
Бұл дерекке қатысты тексеру басталды, табель қаруының жұмыстан тыс уақытта неліктен полицейдің қолында болғаны анықталып жатыр. Қайтыс болған ерлі-зайыптының артында үш жасар бала қалды.