Ақмола облысында түзету мекемесі қызметкерлерінің сотталғандарды азаптайтыны белгілі болды. Мысалы, былтыр мекеме қызметкерлері сотталушылардың бірін резеңке таяқпен ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Степной ауылындағы ЕЦ-166/25 мекемесінде азаптау салдарынан болған 3 өлім дерегі тіркелген. Солардың бірі бойынша мекеменің 4 қызметкеріне айып тағылыпты.
"2015 жылдың 23 маусымында Степной ауылындағы мекемеге 20 сотталушы жөнелтілді. Оның ішінде 1987 жылғы Нұрсұлтан Жақыпбеков те бар. Түзету мекемесіне келгеннен кейін олар карантин бөлмесіне 15 тәулікке орналастырылған. 24 маусымда Жақыпбеков шаршағанын айтып, әскери дайындықтан бас тартады. Мекеме әкімшілігі басқаларға үлгі көрсету мақсатында оны жазалап, резеңке таяқпен ұрған. Кейін олар Жақыпбековтың киімдерін, ішкі киімін шешіп, ұруды жалғастырады. Салдарынан 2015 жылдың 26 маусымында ол қайтыс болды", - деді прокуратура қызметкерлері.
Ақмола облысындағы түзету мекемесінде болған өлім дерегі бойынша тағы 2 іс сотқа дейінгі тергеудің өндірісінде. "Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, қайтыс болған сотталушылардың үшеуі де түзету мекемесіне түскен күні соққыға жығылған", - деді прокуратура өкілдері.