Ақмола облысында үш күннің ішінде мыңға жуық адам жол қауіпсіздігі ережесін бұзды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында үш күннің ішінде мыңға жуық адам жол қауіпсіздігі ережесін бұзды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында жүргізілген "Мас жүргізуші" жедел профилактикалық іс-шара барысында жол қауіпсіздігі ережесін бұзудың 954 дерегі анықталған. Оның ішінде, мас күйінде көлік жүргізген 49 адам бар және 271 жүргізуші жылдамдықты асырып, 238-і қауіпсіздік белдігін таппаған. Сонымен қатар, рульде ұялы телефонмен сөйлескен 99 адам ұсталды.
"Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апаттылық деңгейін тұрақтандыру мақсатында, облыс аумағында "Мас жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру үшін жол полициясы қызметкерлері жаппай жұмылдырылды, үш күн ішінде 1193 адам қызметке шықты, сондай-ақ іс-шараны жүргізу үшін ішкі істер органдарының басқа да қызметтерінің 68 қызметкері жұмылдырылды, соның ішінде 252 учаскелік полиция инспекторы бар", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жол-патруль полициясының қызметкерлері бір тәулікте 19 мас жүргізушіні ұстағаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, қауіпсіздік белбеуін тақпай жүрген 77 жүргізушіге хаттама толтырылды. 75 жүргізуші рульде отырып, ұялы телефон арқылы сөйлескені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.