Ақмола облысында заңсыз “автобус-пойыз“ анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында заңсыз “автобус-пойыз“ анықталды видео кадры

Ақмола облысында ұйықтайтын орын ретінде қайта жабдықталған екі жолаушылар автобусы тоқтатылды. Ішінде кішкентай балаларды қоса алғанда 70-тен астам адам болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші Van Hool автобусы Екатеринбург – Алматы тасжолының 1291-шақырымында тоқтатылған. Салонда орындықтардың орнына қолдан жасалған кереуеттер қойылған. Жолаушылардың, оның ішінде балалардың, қозғалыс кезінде салон ішінде еркін жүргені анықталды.

Екінші жағдай да осы бағытта – Алматы – Астана – Қарағанды тасжолында тіркелген. Kässbohrer Setra автобусы да заңсыз түрде "жататын орынға" қайта жабдықталған болып шықты.

Полицияда мұндай қайта жабдықтау аса қауіпті екені айтылды. Жол апаты болған жағдайда жолаушылар қорғалмайды. Екі жүргізушіге де хаттамалар толтырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети