Ақмола облысындағы балалар лагерінде 7-сынып оқушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысындағы балалар лагерінде 7-сынып оқушысы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Тайыншы ауданындағы "Арман" сауықтыру лагерінде болған. Қайтыс болған Анна Маликова мұнда аз қамтылған отбасының мүшесі ретінде келіпті. "2016 жылдың 15 маусымында кешкі сағат 16.00 шамасында Анна Маликова бір топ қыздармен таза ауада ойнап жүріп, байқаусыз кіреберіс есіктің әйнегін сындырып алып, жараланады. 10 минут төңірегінде жәбірленген қызды жедел жәрдем және лагерь қызметкерлері Ақмола облысының Щучинск қаласының ауруханасына жеткізді. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметкерлері Аннаға көмек көрсетіп үлгермей, өлім фактісін белгіледі. Қыздың ата-анасына бірден хабарды жеткізілді", - делінген хабарламада.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусымнан бері лагерьде Ақмола облысы ішкі істер департаментінің жедел тобы жұмыс істеп жатыр.