Ақмола облысындағы мешіттен садақаға берілген ақшасы бар жәшік ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысындағы мешіттен садақаға берілген ақшасы бар жәшік ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, осыдан бір күн бұрын Ақкөл аудандық ІІБ кезекші бөліміне Ақкөл қалалық мешітінің имамы қоңырау шалып, терезе арқылы мешітке кіріп, садақа жиналған жәшікті алып кеткендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.
"Тәртіп сақшылары оқиға орнына шұғыл жетті. Қазіргі таңда қылмыстың бетін ашу шаралары жүргізіліп жатыр. Қолды болған соманың көлемі анықталатын болады", - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.