Щучинск (Ақмола облысы) тұрғыны із-түзсіз жоғалған ұлы Сергей Быстровты екі жылға жуық уақыт іздеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz парақшасына сілтеме жасап.
Щучинск (Ақмола облысы) тұрғыны із-түзсіз жоғалған ұлы Сергей Быстровты екі жылға жуық уақыт іздеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz парақшасына сілтеме жасап.
Жігіт 2022 жылдың көктемінде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. 18 наурызға қараған түні Сергей жұмыстан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Үйдің кіреберісіне дейін келіп, бірақ кірмей кеткен. Содан кейін үйіне қайтпаған.
Полиция мен еріктілер Сергей жоғалған күннен бастап іздеуді тоқтатқан жоқ, бірақ нәтиже жоқ. Ешқандай із жоқ. Жігіттің анасы баласы қайтып келер деген үмітпен көзіне жас алды.
Сергей Быстровты көрген куәгерлер немесе жігіттің қайда екенін білетіндер болса, көрсетілген нөмірге ақпарат беруі сұралады: 8 705 544 12 57. Құпиялылыққа және сыйақыға кепілдік берілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!