Ақмола тұрғынынан 6 келіден аса есірткі тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола тұрғынынан 6 келіден аса есірткі тәркіленді видео кадры

Ақмола тұрғынынан 6 келіден аса есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола тұрғынынан 6 келіден аса есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шлде айының басында "Қарасора-2023" ЖПІШ өткізу кезінде облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны ұсталып, оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 келі 324 грамм кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және салмағы 17 грамм екі гашиш түйіні тәркіленді.

Сонымен қатар, тінту кезінде диванның астынан салмағы 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды. Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі "Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау" бойынша соталды іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети