Ақорда қақпасына соқтығысқан Porsche Cayenne көлігін жүргізген полицей қызметінен қуылды

17 Қаңтар 2018, 20:53
0
Ақорда қақпасына соқтығысқан Porsche Cayenne көлігін жүргізген полицей қызметінен қуылды -

ІІД өкілдері Ақорда қақпасына соқтығысқан көлікке қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"17 қаңтарға қараған түні болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның барысаында Астана қалалық ІІД ӘПҚ ЖПП арнайы батальоны қызметінің инспекторы полицияның аға лейтенанты Е.Иманбеков Достық көшесімен келе жатып, мұхтайғақ жағдайында тізгінге ие бола алмай, қақпаға соқтығысқан, сөйтіп қақпаны бүлдірген. Ешкім зардап шеккен жоқ", - деді ІІД өкілдері.

Полициядағылардың айтуынша, жол апатын жасаған Е.Иманбеков ҚР ішкі істер органдары қызметінен шығарылған. 

Сондай-ақ, қоластындағылардың жеке-тәрбиелік жұмысын әлсіз ұйымдастырғаны үшін осы бөлімшенің бірқатар жетекшісі қатаң тәртіптік жазаға тартылған.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Ақорда қақпасына соқтығысқан Porsche Cayenne көлігінің суреттері пайда болған еді. Бұл суреттердің қашан түсірілгені белгісіз. Расталмаған мәліметтер бойынша, автомобильде полиция қызметкерлері болған. Tengrinews.kz редакциясы құзырлы органдарға сауалхат жолдады. 


Куәгерлер түсірген суреттер


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай