03 шілде 2014 12:10

АҚШ азаматы Қазақстан шекарасынан жарамсыз визамен өтпек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ru.tsn.ua ©Ru.tsn.ua

Қазақстан - Қытай шекарасында АҚШ азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан - Қытай шекарасында АҚШ азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Күршім шекара жасағының Батырханов атындағы заставасының наряды Қазақстан Республикасы аумағына келу ережесін бұзған АҚШ азаматын қолға түсірген. 26 жастағы америкалық Калифорния штатында туған. Оның қолында мерзімі өтіп кеткен көші-қон және туристік виза картоскасы болды. Сонымен бірге, одан Интернеттен басып шығарылған карта мен орыс, қазақ, қытай, моңғол тілдері сөздіктерінің үзінділері табылды, картада Қытай Халық Республикасына дейінгі бағыт сызылған.

Ұсталған шетелдіктің айтуынша, ол Ақтау - Астана - Өскемен - Қатонқарағай - Өрел бағытымен келген. Мақсаты - Жапонияға бару. Қазір бұл дерек тексеріліп жатыр. Америкалық азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 394-бабының 1-бөлігі - "Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзуы" бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети