Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

АҚШ-та отбасы қайтыс болған ұлдары 33 жыл бұрын жазған хатты алды 06 тамыз 2022, 09:29

Миссисипи штатындағы отбасы осыдан 33 жыл бұрын ұлдары жазған бөтелкедегі хатты алды. Сүңгуірлер хатты кездейсоқ тауып алып, автордың туыстарын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Миссисипи штатындағы отбасы осыдан 33 жыл бұрын ұлдары жазған бөтелкедегі хатты алды. Сүңгуірлер хатты кездейсоқ тауып алып, автордың туыстарын іздеген, - деп хабарлайды USA Today.

Жақында Виксбургтегі кеме жасайтын жұмысшылар Язу өзеніне әдеттегі сапар кезінде қызық бөтелке тапқан. Ер адамдардың бірі ішінде хабарлама болуы мүмкін деп, оны ұстап алған. Онда шынында да хат болған.

Басылым мәліметінше, ер адамдар бөтелкені ашып, қағазды шығарған. Олар қағаздың кейбір жерлері бүлінген соң, бүкіл жазуды оқи алмаған. Бірақ "Даль" деген фамилияны, "1989", "Оксфорд MS орналасқан жері", "өтінемін", "рақмет" және "қоңырау шалыңыз" деген сөздерді оқыған. Барлығы баланың жазуымен жазылған.

Жұмысшылар хаттың авторын табуды ұйғарған. Олар жұмыста қалып, баланы іздеп, жақын маңдағы мектептерге қоңырау шалған.

"Біз хаттың әр жыртылған бөлігін сенімді жерде сақтадық, тіпті оны біреу байқамай лақтырып тастамасын деп үстелге жабыстырып қойдық. Бұл туралы күндіз-түні, жұмыста, үйде сөйлестік. Бірақ оны компанияның Facebook-тегі парақшасына жариялағаннан кейін ғана хаттың құпиясы ашыла бастады", - деді бөтелкедегі хабарламаны тапқан Билли Митчелл.

Миссисипи штатындағы отбасы кеме жасау зауытының жұмысшыларымен байланысқа шыққан. Бұл хатты мектептегі үй тапсырмасы ретінде олардың ұлы Брайан 1989 жылы жазған екен. Ол кезде бала 11 жаста болған. Содан бері бөтелке 320 шақырым жүзіп, Язу өзеніне келген.

Брайанның ата-анасы хабарды өз көзімен көру үшін жүздеген шақырым жол жүрген. Олардың айтуынша, ұлы Брайн қатерлі ісікті жеңген, бірақ 29 жасында оқыс оқиғадан қаза болған.

"Ол өмірде жеңімпаз болды, өйткені ол дос болуды және адамдармен байланыс орнатуды білді. Ол қайтыс болғаннан кейін де адамдар арасында байланыс орнатуды жалғастырып жатыр", - деді әкесі Эрик Даль.

Жұмысшылар отбасын бөтелкені алғаш тапқан жерге апарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram