12 қазан 2022 16:30

Ақсу өзені маңынан үндістандық студенттің емес, белгісіз әйелдің денесі табылды - ТЖД

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқарушылар 10 қазанда Ақсу өзені маңында тапқан мәйіт үндістандық студенттің емес, белгісіз әйелдің мәйіті болып шықты. Маусымның басында суға батып кеткен екі студент әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Құтқарушылар 10 қазанда Ақсу өзені маңында тапқан мәйіт үндістандық студенттің емес, белгісіз әйелдің мәйіті болып шықты. Маусымның басында суға батып кеткен екі студент әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құтқарушылардың айтуынша, өзеннің оң жағалауынан табылған мәйітті суда ұзақ жатқандықтан анықтау мүмкін болмаған. Ол үндістандық студенттің мәйіті емес, әйелдікі екені медициналық сараптама қорытындысынан кейін ғана белгілі болған. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, қателік құтқарушыларға суға батқан әйел туралы бұрын ақпарат түспегендіктен болған.

"Медициналық сараптама қорытындысы нәтижесінде іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде табылған мәйіт үндістандықтың денесі емес екені анықталды. Табылған мәйіт жеке басын анықтау үшін полицияға тапсырылды. Төтенше жағдайлар департаменті Түркістан облысына бұған дейін тағы бір адамның суға кеткені туралы ақпарат түспеген", - деді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының басшысы Дәурен Таубаев.

Қазір бұл іс Түркістан облыстық ПД бақылауында. Төлеби ауданында табылған мәйітке қатысты тергеу жүріп жатыр.

"10 қазанда Түркістан облысы Төле би ауданы полициясының кезекші бөліміне облыстың Төтенше жағдайлар департаментінен Ақсу өзенінен белгісіз мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы дереу оқиға орнына аттанды. Тексеру барысында өзеннің оң жағалауынан табылған мәйіттің суда ұзақ болуына байланысты тану мүмкін болмағаны анықталды. Сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, мәйіт әйелдікі екені анықталды. Бұл дерек Төле би АПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, суға кеткен екі үндістандық азаматтың денесі әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Еске салайық, олар Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында оқып, маусымның аяғында жоғалып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети