Ақсуда субұрқаққа шомылу кезінде ток соққан 3 жасар қыздың қалай құтқарылғандығы белгілі болды. Оқиға куәгерлері зардап шеккен сәбиді судан алып шыққан әйелді видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақсуда субұрқаққа шомылу кезінде ток соққан 3 жасар қыздың қалай құтқарылғандығы белгілі болды. Оқиға куәгерлері зардап шеккен сәбиді судан алып шыққан әйелді видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызды ажал ауызынан Ақсу қаласының тұрғыны, 36 жастағы Александра Морозова құтқарып қалған. Оқиға болар сәтінде әйел саябақтағы орындықта 3 жасар ұлымен отырған.
"Мен субұрқақта бірнеше жасөспірімнің шомылып жатқанын көрдім, содан кейін үш кішкентай қыз келді. Балалар субұрқақтың ішіне кіріп, айнала жүгіріп, су шашып, ойнады. Ол кезде мен ұлыма қарап отыр едім", - дейді Морозова.
Балалардың жылаған дауысымен айқайлағанын естіген әйел бірден субұрқаққа жүгіріп барған.
"Қыз суда арқасымен субұрқақтың құбырында жатты. Мен аяқкиімімді шешіп, суға секірдім. Балаға үш рет көмектесуге тырыстым, бірақ мені ток соғып, шошып кеттім. Бұл бір-екі минутқа созылды. Осы аралықта қыздың бойынан ток өтіп жатқанда мен оны жан тапсырды екен деп ойладым. Өйткені оның көзі аларып, есін жоғалтты.
Су өшіріліп, сәби субұрқақтың түбіне түсе бастады. Қыздың әпкесі оны ұстап үлгерді, содан кейін ол құбыр арқылы қызды маған берді", - деді Александра Морозова.
Әйелдің айтуынша, қызды судан шығарып, үлкендер отырған субұрқақтың жағасына жатқызып, өзі орындыққа тастап кеткен ұлын іздеуге асығып, жол бойындағылардан жедел жәрдем шақырып, полицей қызметкеріне қоңырау шалуды сұраған.
"Суда ток жоқ екенін білдім. Жанындағы қыздарға қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер мен полицейлер алып кететінін білдім. Ток жүріп жатпаған судан баланы құтқарған полицей қызметкері батыр деп ойламаймын. Біз суда ток жоқ екендігін ескерттік. Менің ойымша, ол да, мен де ешқандай батырлық жасаған жоқпыз. Сәбидің аман қалғанына өте қуаныштымын. Оның есімі Настя, ол менің ұлыммен құрдас", - деді Морозова.
Оқиға куәгерлері Балалар шығармашылық үйінің жанындағы балалар шомылатын қалалық субұрқақтың ақауы болуы мүмкін деп есептейді.
Коммуналдық меншікті күтіп ұстаумен айналысатын Ақсу қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі нысанда ақау болмағанын мәлімдеді. Оқиға болған күні оны іске қоспас бұрын су арнасының мамандары тексерген.
"Биыл субұрқақты жөндеуге және күтіп ұстауға екі рет конкурс жариялаған болатынбыз. Бірақ екі рет өтпеді. Сондықтан оны іске қосуға су арнасының қызметкерлері шақырылды. 3 маусым күні таңертең мен саябақта болдым. Субұрқақ жұмыс істеп тұрды, бойында ешқандай тоқ кернеу болмады. Бұлай болады деп ешкім күткен жоқ. Бір себептермен су мотор насосына тиіп, осының салдарынан қысқа тұйықталу болып, ток балалар шомылып жатқан субұрқаққа өтіп кеткен.
Басты соққы кішкентай қызға тиді, қалған балалар оны сезбеген, өйткені автоматты ажыратқыш жұмыс істеп, мотор лезде өшіп қалды", - деді Ақсу қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және көлік басқармасының басшысы Бейбіт Азаматов.
Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады. Оның айтуынша, сорғы 220 вольт кернеумен жұмыс істеген.
Полиция оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 254-бабы "Мiндеттерiне адал қарамау", оның ішінде, "Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның өз қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуы" бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Зардап шеккен сәбидің жағдайы жақсарған.
"4 маусым күні таңертең бала жансақтау бөлімінен балалар бөліміне ауыстырылды. Жағдайы тұрақты", - деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салайық, 3 жасар қызды субұрқақта шомылу кезінде ток соққан болатын. Кішкентай қыз ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсті. Полицейлердің мәліметінше, үш, алты және сегіз жастағы кішкентай балалар субұрқаққа шомылуға ата-аналарынсыз келген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Патрульдік полиция взводының аға инспекторы Қажымұрат Файзов екі қызды субұрқақтан алып шыққаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!