Ақсуда бұзылған автобус көліктерді қиратты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодар маңындағы Ақсу қаласында жолаушылар автобусы жеңіл көлікті қағып, оны бірнеше метрге сүйреп апарды, кейін арыққа түсіп, ағашты соқты. Жол апатын оқиға куәгерлері видеоға түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар маңындағы Ақсу қаласында жолаушылар автобусы жеңіл көлікті қағып, оны бірнеше метрге сүйреп апарды, кейін арыққа түсіп, ағашты соқты. Жол апатын оқиға куәгерлері видеоға түсірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан жүргізушісі бар автобус қалай кері жүріп, жеңіл көліктерді сүйрегенін көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде салонда жолаушылар болған. Олар тежегіші істен шыққан автобустан қашып шығуға мәжбүр болды. Адамдар көлікті тоқтатуға тырысқан. Доңғалақтың астына кедергі қойды. Бірақ бұл әрекеті нәтижесіз болды.

Жаппай ЖКО болмауы үшін адамдар қарама-қарсы бағыттағы көліктерге ескерту айтып, автобус жолын тазалауға тырысты. Куәгерлердің айтуынша, тіпті арыққа түсіп кеткеннен кейін де біраз уақыт тоқтамай алмаған. 

Назар аударыңыз, видеода дөрекі сөздер бар!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Salauat Iglikov (@salauat.iglikov)

Полиция оқиға 22 ақпанда сағат 19.00 шамасында Ақсу сауда үйлерінің бірінің ауданында болғанын хабарлады.

"59 жастағы жүргізуші жүргізген Hyundai маркалы автобустың беріліс қорабы істемей қалған, яғни тетік артқы жүріске қойылып қалғаны анықталды. Осы ақау салдарынан автобус артқа қарай KIA Rio маркалы көлікті итеріп тоқтаусыз жылжыған", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, апат кезінде автобус салонында үш жолаушы болған, сондай-ақ екі адам жеңіл көлікте отырған.

Полиция мәліметіне сүйенсек, жол апаты салдарынан ешкім зардап шекпеді. Автобус ЖШС-нің біріне тиесілі және №4 қалалық маршрут бойынша жолаушылар тасымалдайды.

"Факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы "Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін, көлік құралдарының жол және басқа да құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан заңбұзушылығы" бойынша әкімшілік іс қаралады. Сондай-ақ, қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға қатысты процессуалдық шешім қабылданады", - деді Қайыров.

Бұл ережебұзушылық бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro