Ақтау әуежайында әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды "Лада" порталы.
Ақтау әуежайында әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды "Лада" порталы.
Порталдың мәліметінше, оқиға Ақтаудың халықаралық әуежайында 11 маусым күні кешке болған. Жедел жәрдем қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, 46 жастағы әйел төртінші дәрежелі бауыр циррозымен ауырған.
"Дәрігерлердің айтуынша, 11 маусым күні сағат 20.00 шамасында диспетчер пультіне Ақтау-Баку рейсінің жолаушысы өзін жайсыз сезініп тұр деген хабар келіп түскен. Әйел медициналық көрсеткіштеріне байланысты ұшуға жіберілмеген. Жедел жәрдем бригадасы жеткенше әйел сол жерде көз жұмды", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, Ақтаудың 3 "Б" ықшамауданында тұрған әйелдің онкологиялық аурумен ауырғаны белгілі болып отыр. Ондай адамдарға мүлдем ұшуға болмайды.
"Әйел өзінің дертіне қарамастан, өз Отанына ұшып кеткісі келгенге ұқсайды. Оны әуежай қызметкерлері өткізбеді. Ұшақ 20.30-да ұшып кетті, ал әйел 8 минуттан кейін сол жерде қайтыс болды", - деді жедел жәрдем қызметкерлері.