Ақтау балабақшасында атыс ұйымдастырмақшы болған адамның қолында микрофон болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау балабақшасында атыс ұйымдастырмақшы болған адамның қолында микрофон болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салайық, оқиға 14 қарашада болды. "Оқиға туралы 15:30-да Ақтау қаласының тоғызыншы ықшамауданында орналасқан № 29 балабақшаның қызметкерлері полицияның кезекші бөліміне хабарлаған. Полиция жасағы келген уақытта қаскүнем ізін суытқан. Полицейлер куәгерлер берген мәліметтің нәтижесінде оны тауып, қамауға алған. Ол 1984 жылғы ер адам болып шыққан. Сол қылмысты істеген уақытта ол мас күйінде болған. Белгілі болғандай, ер адам балабақшаның күзетшісіне микрофонмен қоқан-лоқы көрсеткен", - деді Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қазіргіуақытта ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оның психоневрологиялық диспансердің тіркеуінде тұрғаны анықталған. Қазіргі уақытта ер адам Ақтау қалалық ІІБ-нің уақытша қамау изоляторына жабылған.
Еске салайық, полицейлер осыған дейін № 29 балабақшада атыс ұйымдастырмақшы болған ер адамды ұстаған. Балабақшада тәрбиленетін балалрдың бірінің анасы мектепке дейінгі мекеменің аумағына қап-қара киінген ер адамды көрген. Ол әйел адамға балалардың бұл жерден дем арасында кетуі керектігін айтқан. "Бұл жерден кетіңіз, бес минуттан соң бұл жердің астан кестені шығады, балаларыңызға абай болыңыз", - деген ол.