09 сәуір 2015 | 17:35

Ақтау интернатында жасырын босанған 16 жастағы қыздың ата-анасы жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ақтау мектеп-интернатында жасырын босанып алған Маңғыстау облысы Құланды ауылының 16 жастағы тұрғынының ата-анасы осы деректі жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Lada.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтау мектеп-интернатында жасырын босанып алған Маңғыстау облысы Құланды ауылының 16 жастағы тұрғынының ата-анасы осы деректі жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Ақтау прокуроры Талғат Әлібаевтың айтуынша, Ақтау интернатының кәмелет жасқа толмаған тәрбиленушісінің ата-анасы жүктілік туралы білген, бірақ оны құпия сақтауға бел буған. Сонымен қатар, баланың әкесінің кім екені де анықталды, бірақ оған қандай шараның қолданылғаны әзірше белгісіз. Ақтау прокуроры тергеуге қатысты мәліметтерді жарияламауды жөн көрді.

Ақтау интернатының қызметкерлері тәрбиеленушілерінің жүктілігі туралы білмедік деп сендіріп отыр, алайда құқық қорғау органындағылар олар жауапкершіліктен қашқақтау үшін сондай мәлімдеме жасап отыр деп есептейді. Прокурордың айтуынша, 16 жастағы қыз оқу орнының ғимаратында босанған. Қыз бен жаңа туылған сәби ауруханаға жеткізілген, алайда бұл оқиға туралы ешкімге хабар берілмеген.

Бұған дейін, Ақтау интернатының дарынды балаларды оқытатыны хабарланған болатын. Мектеп басшыларының айтуынша, қыз сабақты жақсы оқыған. Құқық қорғау органдарына берген жауаптарында мектеп қызметкерлері қыздың дене бітімі толықтау келгеніне байланысты, оның жүкті екенін аңғармағандарын айтты. Дегенмен, оқиғадан кейін мектеп-интернаты қызметкерлерінің біреуі жұмыстан босатылып, тағы бес адам қатаң жазаға тартылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети