Ақтау тұрғыны сүйіктісіне су астында ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау тұрғыны сүйіктісіне су астында ұсыныс жасады Видеодан алынған

Каспий теңізінде ақтаулық тұрғын сүйіктісіне су астында ұсыныс жасады. Мұндай ұсыныс Қазақстанда бірінші рет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий теңізінде ақтаулық тұрғын сүйіктісіне су астында ұсыныс жасады. Мұндай ұсыныс Қазақстанда бірінші рет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Ерекше ұсыныс жасаған жұптың видеосын "Тайфун" дайвинг орталығы Instagram-парақшасына жариялады.

"Бұрын бассейнде, сауда орталығындағы үлкен аквариумында ұсыныс жасағандар болған. Бірақ Каспий теңізінде бұл бірінші рет. Соңына дейін су астында не болып жатқанын білмедік. Бірақ бәрі жоспар бойынша өтіп, қыз келісімін берді. Видеоны бүкіл командамен отырып әрледік. Видео кадрларынан қобалжыған қыздың қолы қалай дірілдеп тұрғанын көруге болады. Айтпақшы, бізге тағы бір жұп келді. Оларға бақыт пен барлық жақсылықты тілейміз", - деді "Тайфун" дайвинг орталығының команда мүшелері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дайвинг центр Тайфун (@diving_aktau)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети