26 шілде 2018 | 16:44

Ақтау тұрғынының асқазанынан 3,5 келі шаш шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pexels.com Көрнекі сурет: pexels.com

Ақтау хирургтары 12 жастағы қыздың асқазанынан 35 сантиметрлі шаш жентегін тауып, алып тастады. Шаш жентігінің салмағы - 3 келі 560 грамм, - деп хабарлайды Lada.kz


Иконка комментария блок соц сети

Ақтау хирургтары 12 жастағы қыздың асқазанынан 35 сантиметрлі шаш жентегін тауып, алып тастады. Шаш жентігінің салмағы - 3 келі 560 грамм, - деп хабарлайды Lada.kz

Маңғыстау облысының хирургия бөлімінің бастығы Сұлтанбек Тұмашев ота қалай болғанын айтып берді. Оның айтуынша, шаш жентігінің үлкен болғаны соншалық - асқазан ішінде тамаққа орын да қалмаған. 

"Қыздың ағзасында ақуыз бен аяқ ісігі болғандықтан, отаға екі күн дайындадық. Отаны жалпы анестезиямен, ашық әдіспен өткіздік. Науқастың асқазаны үлкен мөлшерге дейін созылып, кіші жамбасқа дейін түсіп кеткен", - деді Сұлтанбек Тұмашев. 

"Асқазанды ашқан кезде салмағы 3 келі 560 грамм, ал көлемі 35х13 сантиметрлік шаш жентігін көрдік. Ішекте бұл шаштың басы қай жерден шығып тұрғанын көрдік. Асқазан мен ішекті жуып, тігіп тастадық. 13 шілдеде болған ота жақсы өтті, нәтижесі де қанағаттанарлық. Науқастың тәбеті асқазаны созылғандықтан жақсы", - деді дәрігер. 

Бұл оқиға Сұлтанбек Тұмашевтың өмірінде екінші рет болып отыр екен. Бірінші отасын ол 1987 жылы Жетібай өңірінен келген қызға жасаған.  

Қыздың анасының айтуы бойынша, ол шашының ұшын көп жыл бойы жұтып жүрген. Соңғы екі-үш жылда қыздың жүрегі айнып, бойы сұрланып, арықтап кеткен, алайда іші өскен. Компьютерліқ томографияда дәрігерлер қыздың асқазанында үлкен шаш жентігін көріп, таңғалған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети