Ақтауда 12 жастағы бала көшеде қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда 12 жастағы бала көшеде қайтыс болды

Ақтаудағы көшелердің бірінде бала қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша оның жүрегі тоқтап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы көшелердің бірінде бала қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша оның жүрегі тоқтап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Ақтау қаласының тұрғыны әлеуметтік желілерде куәгерлер 3-ықшамауданда ес-түссіз жатқан 12 жастағы баланы тауып алғаны туралы жазған.

"Үшінші ықшамауданда бала қайтыс болды. Біз жедел жәрдем көлігін қырық минут күттік. Кейін олар ата-анасы келмейінше, біз ештеңе істемейміз деді. Ата-анасын қайдан іздейміз? Баланы өтіп бара жатқан адамдар тауып алса. Жедел жәрдем шақырды. Олар болса көмектеспеді", - деп жазды тұрғын.

Маңғыстау облысындағы жедел жәрдем станциясының директоры Айралбек Ширшикбаев дәрігерлер келген кезде баланың жүрегі тоқтап қалғанын, бірақ соған қарамастан фельдшер баланы жарты сағаттай тірілтуге тырысқанын айтты.

"Топ шақырту алғаннан кейін оқиға орнына тоғыз минуттан кейін келді. Бала тексерілді, бірақ жүрек толық тоқтап қалған. Осыған қарамастан, фельдшерлер 30 минут бойы жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Бірақ, өкінішке қарай, бұл нәтиже бермеді. Баланы көшеде өтіп бара жатқан адамдар тауып алған", - деді Айралбек Ширшикбаев.

Басылым баланың өліміне қатысты Маңғыстау облысы Полиция департаментінен ақпарат күтіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети