Ақтауда үш жасар бала бұзылып кеткен шұжықтан уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ЛАДА" сайтына сілтеме жасап.
Ақтауда үш жасар бала бұзылып кеткен шұжықтан уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ЛАДА" сайтына сілтеме жасап.
12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына екі ересек пен төрт баладан тұратын отбасы түскен. Барлығының ауру белгілері улануға ұқсас болған.
"Қонақта болған едік, балалар шұжық сұрады, үйдің иесі оның ескіргенін айтты, бірақ мен оны қуырып беруді шешім. Сағат түнгі бір шамасында балам өзін нашар сезініп, құса бастады. Асқазанын марганец ерітіндісімен тазаладым. Ол ұйықтап қалды. Кейін өзімнің және үш баламның да денсаулығы сыр бере бастады. Содан кейін ғана жедел жәрдем шақырдық", - деді қайтыс болған баланың анасы Лидия.
"Өкінішке қарай, баланы құтқара алмадық. Өлім таңғы сағат 07.00-де тіркелді. Отбасы нашар тұрады, ата-анасы алкоголь ішімдікті жиі ішіп тұрады екен. Қазір әкесінен басқасының барлығы дәрігерлердің қадағалауымен инфекциялық ауруханада жатыр, жағдайлары тұрақты", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау департаменті өкілдері.