Ақтауда 6 жастағы зорланған қыздың анасы келеді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне оның әжесі - Любовь Александровна мәлімдеді. Қыздың анасы Ресейде тұрып жатқаны белгілі.
Ақтауда 6 жастағы зорланған қыздың анасы келеді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне оның әжесі - Любовь Александровна мәлімдеді. Қыздың анасы Ресейде тұрып жатқаны белгілі.
Сонымен қатар, қызға мойын корсеті керек болған. Оны отбасының Алматыда тұратын таныстары алып берген. "Біз өзіміз таптық. Ертең Алматыдан салып жібереді. Таңғы уақытта алып келеді, ұшақпен салып жіберетін шығар", - деді қыздың әжесі. Оның айтуынша, қыздың жағдайы өзгеріссіз, әзірше жақсы жаңалықтар жоқ екенін айтты.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Ақтау қаласынан Астана ауруханасына жеткізілген алты жасар қыздың денсаулығы жайында айтып берген болатын.
Еске салайық, бұл оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Полициядағылар қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлаған. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны "Нұр Плаза" жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Осы дерекке "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.