Ақтауда аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Ақтауда аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды Фото: polisia.kz

Маңғыстауда заңсыз айналымнан 1500-ден аса бір реттік доза болатын синтетикалық есірткі алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстауда заңсыз айналымнан 1500-ден аса бір реттік доза болатын синтетикалық есірткі алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қазанда сағат 20:45 шамасында "Қарасора – 2023" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы және Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізетін жедел-іздестіру іс-шараларының кешені шеңберінде Ақтау қаласының 13-шағын ауданында 23 жастағы жігіт аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.

"Тәркіленген мефедрон синтетикалық есірткі затының салмағы – 200 грамм. Сондай-ақ, ұсталған адам салмағы 170 грамм болатын экстази есірткі қоймасын көрсетті. Заңсыз айналымнан алынған синтетикалық есірткі құралдарының жалпы салмағы – 370 грамм", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға тіркелді. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама