08 мамыр 2018 | 09:40

Ақтауда аулада ойнап жүрген алты жасар балаға оқ тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға оқ тиді, деп хабарлады КТК.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға оқ тиді, деп хабарлады КТК.

Телеарнаның мәліметінше, Ақтауда алты жасар балаға пневматикалық қарудан оқ атқан адам ұсталған.

"Құдай сақтап, кішкентай Әмірхан дін аман. Ал ойнап жүген балаларды көздеген 26 жастағы күдікті араға бірнеше күн салып қолға түсті. Оның терезеден тағы да оқ атып жатқанын Әмірхан Теңеубаевтың анасы кездейсоқ көріп қалып, тәртіп сақшыларына хабарлапты. Күдікті болса, балаларды емес, аулада маза бермей жүрген мысықтарды көздедім деп ақталып отыр", - деп хабарлады тілші.

Оқиға сол маңдағы дүкеннің бақылау камерасына түсіп қалыпты. Мұнда кішентай Әмірханның кенеттен аяғын ұстай алғаны анық көрініп тұр. Абырой болғанда, сәбидің денсаулығына аса зиян келмеген. Сол күні болған сұмдық оқиғаны баланың өзі айтып берді.

"Мен мына жерде досыммен тұрғанмын. Кенеттен аяғыма бірдеңе тигендей болды. Оқ екенін бірден білдім. Қатты ауырды. Достарым мені үйге апарып тастады", - деді жәбірленуші Әмірхан Теңеубаев.

Баланың ата-анасы болған жағдайды айтып, тәртіп сақшыларына хабарласыпты. Олар оқиға орнынан травматикалық қарудың гильзасын тауып алған. Ал күдікті ойламаған жерден қолға түсті. Әмірханды ертеңіне ауладан іздеуге шыққан анасы ашық тұрған терезелердің бірінен тағы да оқ атылып жатқанын көріп қалып, полицияға хабарлаған. Сол күні-ақ құрықталған 26 жастағы күдікті балаларды емес, түні бойы мияулап маза бермейтін мысықтарды көздедім деп ақталды.

"Біз қорқып кеттік. Тәртіп сақшылары ініме оқ тиді деді. Бала тек ертеңіне ғана аяғына тұрды. Меніңше , күдікті ойнап жүрген балаларға әдейі оқ атқан. Оның терезесін тасалайтындай бұл жерде тал не бұтақ жоқ. Мысықты көздесе, мүлт кетпес еді", - деді Әмірханның туысы Дария Нұрғалиева.

Бұл оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары "қару қолданып, бұзақылық жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Күдіктінің мылтығын тәркілеп, өзін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберіпті. Егер атқыштың мысықты емес, баланы көздегені дәлелденсе, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: КТК.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети